14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Бүгін 4 маусымда Астанада Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешені (ТМК) күндерін өткізу жайында баспасөз мәслихаты болып өтті

Бүгін 4 маусымда Астанада Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешені (ТМК) күндерін өткізу жайында баспасөз мәслихаты болып өтті. ТМК Күндерін өткізу 2013 жылдың 12-13 маусымына белгіленді. Аталған шараны ұйымдастыру дәстүрі өткен жылы пайда болды. ТМК Күндері аясында сала үшін маңызды бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда:

  • «Astana Mining & Metallurgy» IV Халықаралық тау-кен металлургиялық Конгресі (АММ 2013);
  • Тау-кен металлургиялық өнеркәсібі жұмыскерлерінің IV Съезі;
  • және «Алтын Гефест» Ұлттық Салалық Байқауы. Оның мақсаты тау-кен металлургиялық кешені компаниялары мен мамандарының өткен жылғы жетістіктеріне баға беріп, марапаттау болып табылады.

АММ 2013 Конгресінің тақырыбы (12 маусым): «Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында тау-кен металлургиялық кешенінің технологиялық өсу келешегі» деп аталады. Бұл тұрғыда сегіз елдің баяндамашыларына сөз берілмек: Австралияның, Германияның, Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің, Түркияның, Ұлыбританияның және Францияның.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, АММ 2013 Конгресіне Қазақстанның барлық аймақтарынан және көршілес мемлекеттерден, шамамен 700-дей делегат қатыспақ. Олардың қатарында, қатысушы елдердің ресми делегациялары мүшелері мен төтенше және өкілетті елшілер, Қазақстанда тіркелген мемлекеттік сауда миссияларының өкілдері бар.

АММ 2013 көрмесіне қатысатыны жөнінде 6 елден 33 компания нақты мәлімет беріп отыр: Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Норвегия, Түркия және Франция.

АММ Конгресінің жаһандық міндеті Қазақстанды – технологиялық жаңа өндіріс ошақтарын құрып, қалыптастыруды күшейтіп, тау-кен металлургиясы саласында өнеркәсіптік өңдеуді тереңдете түскен Орталық Азияның жетекші мемлекеті ретінде таныстырып, көрсету болып табылады.

АММ Конгресі барысында өткізілетін екі күндік шаралар: қара және түрлі-түсті металдар сынығы жөнінде Қазақстандық 1-ші конференция және әртүрлі тақырыптардағы дөңгелек үстелдер. Олардың тақырыптары: «Ферроқорытпа өнеркәсібінде шығатын газдардың энергиясын утильдеу», «Кен рудалары мен техногенді қалдықтарды өңдеу бойынша алдыңғы қатарлы шешімдер», «Сирек және сирек жерлі металдардың жаңа эрасы».

Съезд аясында (13 маусым) Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының республикалық ассоциациясы бірқатар ұсыныстар жасамақ. Мәселен, салалық жиындар барысында Қазақстанның жер қойнауын игерушілері қорының тұсаукесері өткізіледі. Бұл қордың басты міндеті – тау-кен металлургиясы кәсібі мамандарын дайындау және оларды қайта оқыту жөнінде білім бағдарламаларын жүзеге асыру, шет елдерде білім алу жолдарын ұйымдастыру және кадрларды сертификаттау. Сонымен қатар тау-кен металлургиясындағы адами капиталды дамыту, жер қойнауын игеру тұрғысындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сол сияқты, іс-шаралар барысында ТМК ішінде әлеуметтік серіктестікті дамыту жөнінде бөлек мәселе қозғалмақ. Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі жұмыскерлерінің IV Съезінде ТМК саласында жұмыс істейтіндерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, қызметкерлерді қайта оқуға ынталандыру, кенші және металлург мамандықтарының тартымдылығын арттыру мәселелері де талқыға салынып, жан-жақты ұсыныстар жасалмақ. Оның ішінде еңбекақы төлеудің салалық бірыңғай стандарттарын орнату шаралары туралы ақпарат мәлім етілмек.

Тау-кен металлургиясы кешені жұмыскерлерінің съезіне 400-дей делегат қатысады, олардың ішінде ТМК кәсіпорындарының басшылары, ТМК жұмыскерлерінің кәсіподақ бірлестіктерінің, көмір өнеркәсібінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары бар.

«Алтын Гефест 2013» Ұлттық салалық байқауының ұйымдастыру комитетіне
12 номинация бойынша 117 конкурстық өтінім келіп түсті. Бес номинация бойынша қаржылай премиялар ескерілген (педагог ғалым және салалық ЖОО студент түлектерінің дипломдық жұмысы, сол сияқты ТМК саласы жөніндегі ең мықты журналистік жұмыстар бойынша). Байқау жеңімпаздары 2013 жылдың 12 маусымында өтетін Гала-қабылдау салтанатында жария етіледі. Гала-қабылдау салтанатына ресми тұлғалар және Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешені күндерінің делегаттары қатысады.

Тау-кен металлургиясы кешені (ТМК) Қазақстан өнеркәсібінің негізгі секторларының бірі болып табылады. Еліміздегі негізгі қорлардың 42%-ы және еңбек ресурстарының 37%-ы ТМК еншісінде. Саланың республика экспортындағы жалпы ауқымы 35%-ға жетеді, ал кешен ішіндегі кәсіпорындар әлемнің 30-дан астам еліне металл өнімдерін жеткізеді.

Қазақстанның ТМК Күндері – Қазақстанның әлем бойынша тау-кен металлургиясы өнеркәсібіндегі жетекші елдермен инновациялық шоғырлануын әрі қарай жалғастырудағы бірден-бір ерекше жол болып табылады.

«Astana Mining & Metallurgy» (АММ) Конгресі тұғырнамасында өндрістік процестерге қатысты барлық мәселелер толық қамтылған: геологиялық барлау мен кен өндіруден бастап, шикізатты қанықтырып, өңдеу және дайын өнім етіп әзірлеуге дейін.

АММ 2013 Конгресінің бағдарламасы төмендегідей:

  • Мәжілістік отырыс. Тақырыбы: «Әлемдік тау-кен металлургиясы секторында тұрақты дамуды қамтамасыз ету»,
  • Геологтардың сессиясы. Негізігі тақырыбы: «Минералды-шикізаттық базаны дамыту және оны тиімді пайдаланудың келешек мүмкіндіктері»,
  • Кеншілердің сессиясы. «Инновациялық технологиялар және тау-кен өндірісі саласын дамыту перспективалары» тақырыбы бойынша жарыссөздер мен пікірталастар түрінде.
  • Металлургтердің сессиясы «Металлургия секторының инновациялық дамуына» арналған.

Геология секторында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Нұрабай Базарбаев, «Қазақстанның геология саласының 2030 жылға дейінгі даму тұғырнамасы» тақырыбында сөз сөйлейді. Сол сияқты, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Австралия спикерлері геология саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанмен арадағы болашақ ынтымақтастық жолдар жөніндегі өз көзқарастарын ортаға салады.

Тау-кен ісі сессиясы «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ басқармасының төрағасы Азамат Ахмеровтың баяндамасымен ашылып, онда Конгресс делегаттарының назарына «Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешенін 2030 жылға дейін дамытудың шеберлік жоспары» ұсынылады.

Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиясы өнеркәсібін дамытудың шеберлік жоспары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының бірінші кезеңі болып табылатын еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған Екпінді индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасына кіретін салалық бағдарламалардың аясында және бағдарламалармен қатар әзірленді.

Тау-кен ісі сессиясында баяндама ұсынатын Қазақстанның, Францияның, Түркияның, Ұлыбританияның және Ресейдің спикерлері өз инновациялық технологияларын таныс етеді.

Металлургиялық сессия аффинажды зауыттың тұсаукесерімен басталады. Бұл сессияға өз баяндамаларымен Қазақстанның және Ресейдің өнеркәсіп алыптарының басшылары қатысады.

Кеншілер сессиясымен қатар көрші залда, семинарлық бөлмеде АММ 2013 көрмесінде «Ферроқорытпа өнеркәсібінде шығатын газдардың энергиясын утильдеу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді. Онда Норвегияның, Канаданың, Ресейдің және Қытайдың ферроқорытушы компанияларында жылуды утильдеу жобаларын жүзеге асыру тәжірибелері ортаға салынбақ.

Маусымның 13-де түстен кейін өтетін дөңгелек үстел барысында кен рудалары мен техногенді қалдықтарды өңдеу бойынша алдыңғы қатарлы шешімдер талқыға салынады. Дөңгелек үстелдің бағдарламасында Ресей, Қазақстан, Норвегия, Канада Франция және Австралия спикерлерінің он шақты жарыссөзі ескерілген. Сондай-ақ, Қазақстанның тәжірибесі негізінде кен рудаларын және техногенді қалдықтарды тереңдетіп өңдеу бойынша технико-технологиялық және ұйымдастырушылық бірегей шешімдер таныстырылады.

«Сирек және сирек жерлі металдардың жаңа эрасы» тақырыбында өткізілетін дөңгелек үстел барысында талқыға салынатын тақырыптардың ішінде «Қазақстан үкіметінің сирек кездесетін және сирек жерлі металдар секторын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы», «Әлемдік деңгейдегі соңғы тенденцияларға сараптама», «Орталық Азиядағы сирек кездесетін металдар секторын дамытудың инвестициялық климаты» сынды бірқатар өзекті мәселелер қамтылған. Тау-кен металлургиялық кешені күндерін қорытындылау салтанатына сайма-сай келетін бұл дөңгелек үстелдің
(13 маусымда, сағат 16-30-дан 18-00-ге дейінгі аралықта) спикерлері қатарында Альберт Рау, Владимир Школьник, Антон Маныч және өзге де танымал тұлғалар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешені күндерінің Басты ұйымдастырушысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады. Тау-кен өнеркәсібі жұмыскерлерінің Съезін ұйымдастырушылар – Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының республикалық ассоциациясы, Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі еңбекшілерінің кәсіподақтарымен серіктесе отырып. АММ Конгресінің ұйымдастырушылары — Iteca халықаралық көрме компаниясы ITE Group Plc (Ұлыбритания) халықаралық әріптесімен. Шараға Астана қаласының әкімшілігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, Минералды шикізатты кешенді өңдеу бойынша ҚР Ұлттық орталығы ресми қолдау көрсетіп отыр. АММ 2013 демеушілері 7 ірі компаниядан тұрады. Алтынды демеушілер: «ENRC» және «Қазцинк». Күміс демеушілер: «ArcelorMittal Temirtau», «Ақтөбе мыс компаниясы» және «Sat & Co». Және Қола демеушілер: «Қазақалтын» мен «WorleyParsons Kazakhstan» компаниялары.