14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Әлемнің 15 елінен келетін кеншілер, металлургтар АММ конгресіне қатысады

17-18 маусым аралығында Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында AMM 2015 - «Astana Mining & Metallurgy 2015» VI Халықаралық Тау-кен және Металлургия Конгрессі мен Көрмесі өтеді.

AMM 2015 Конгресінің бас тақыры: «ТМК өнеркәсіптік саясаты: Инвестициялар, Жаңғырту, Өндіріс».

Конгрестің ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі - ITE Group Plc (Ұлыбритания).

AMM 2015 аясында алғашқы рет B2B және G2B форматындағы бизнес-кездесулер ұйымдастырылмақ. Бұл, тау-кен және металлургия саласының көшбасшылары болып саналатын «Қазмырыш», «KAZ Minerals», «Қазақмыс», «Еуразиялық Топ», «Тау-Кен Самұрық», «Қазгеология» компанияларымен тиімді жеке келіссөз жүргізудің бірегей мүмкіндігі.

Осы жылы өткізілетін АММ 2015 конгресінің тағы бір жаңалығы «ТМК үшін Қазақстанда жасалды» таныстырымдарының сериясы болады, онда жабдықты, технологияларды, арнайы киімді, мұнай химиясын және басқа да тауарлар мен қызметтерді ТМ кәсіпорындарына жеткізетін отандық жеткізушілер өз таныстырымдарын жасай алады.

Форумның пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Ауғанстанның Шахталар және тау-кен өнеркәсібі министрі Дауд Шах Саба, «Korea Resources Corporation» KOPEC Корея ұлттық корпорациясының Вице-президенті Шин Ки Хым және басқалар сөз сөйлемек.

Барлығы, форумға әлемнің 15-тен астам елінен келетін 650 делегат қатыспақ. Конгреске Ауғанстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея мен Франция елдерінің ресми делегациялары қатысады.

АММ аясында бірнеше мамандандырылған іс-шаралар өткізіледі:

  • ҚР Энергетика Министрлігінің қолдауымен өтетін «Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібінің даму келешегі» дөңгелек үстелі
  • «Тау-Кен Алтын» компаниясының қолдауымен өтетін «Алтын өндіру саласын дамыту, аффинаждық кәсіпорындарға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ құрамына асыл металдар кіретін қазақстандық шикізатты қайта өңдеуге күш салу»
  • EY, ҚР МШКҚӨ ҰО қолдауымен өтетін «Энергия тиімділігі - тау-кен өндіру және металлургия саласының даму факторы» дөңгелек үстелі
  • Франция Елшілігінің қолдауымен өтетін «Made in France: француздық компаниялармен өнімділікті арттыру» таныстырымдар сериясы
  • ТМКҚ қолдауымен өтетін «ТМК үшін кадрлар» дөңгелек үстелі

Конгресс «Алтын Гефест» Ұлттық салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен аяқталады; Сыйлықтың Бас Серіктесі - «Еуразиялық Топ» ЖШС. Конкурсқа қатысу үшін 12 номинация бойынша 109 өтінім берілді.

АММ 2015 конгресінің тұрақты қатысушыларының арасында - «Қазмырыш», «ERG», «KAZ Minerals», «Қазақмыс Корпорациясы», «Ақтөбе мыс компаниясы», «Қазақалтын» және «SAP» компаниялары бар.

AMM 2015 конгресі «Самұрық-Қазына», «Тау-кен Самұрық», «Қазгеология», «ТМКҚ», «ҰКП», «World Mining Congress» және «CERBA» ресми қолдауымен және қатысуымен өтеді.

Анықтама үшін: 2014 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымындағы ТМК саласының үлесі - 18%. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында қолданыстағы бағалар жағдайында металл кендерін өндіру көлемі 882,3 млрд. теңгені құрады, мұндағы темір кенін өндіру көлемі - 223,3 млрд. теңге. Түрлі-түсті метал кендерін өндіру көлемі – 658,9 млрд. теңгені құрайды. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айлар аралығында металлургия өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 1 915,2 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ФКИ 100,2% құрады. Бұл арада, негізгі асыл және түрлі-түсті металдарды өндіру көлемі 1 141,9 млрд. теңгені құрады. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металлургиялық бұйымдарды өндіру көлемі 150,2 млрд. теңгені (ФКИ – 95,1%) құрады.

Индустрияландыру картасының жобаларымен, бұрын Қазақстанда өндіріліп көрмеген өнім игерілді. Бұл - «Қазэнергокабель» АҚ-дағы алюминийлі созба сым, «Қазтерм» ЖШС-дегі болаттан жасалған панельдік радиаторлар, «SARECO» БК ЖШС-дегі жерде сирек кездесетін металдардың ұжымдық концентраты, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-дағы титан қойыртпақтары мен слябтары, «KSP Steel» ЖШС-дегі жіксіз құбырлар.

Аталған жобалар, базалық металдарға шығу және балқыту деңгейі одан да жоғары өнімдерін өндіру бойынша міндеттерді іске асыру көрсеткіштері болып табылады.

Пайдалы сілтемелер:
ҚР ИДМ mid.gov.kz
АММ www.amm.kz