«ASTANA MINING & METALLURGY» VIII халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі - AMM 2017
Басып шығару

Қазақстан туралы

Posted in Қазақша

Географиялық жағдайы
Қазақстан Республикасы екі құрлықтың –Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, солтүстік жарты шарда орналасқан ірі мемлекет.  Жерінің көлемі жағынан Қазақстан- Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Индия және Австралия мемлекеттерінен кейінгі 9 орынға ие болып отыр.
Қазақстан мына елдермен шекаралас: ҚХР-мен -1460 км, Қырғызстанмен -980 км, Түркменстанмен – 380 км, Өзбекстанмен – 2300 км, Ресей Федерациясымен – 6467 км. Шекараның жалпы ұзақтығы Каспии бойындағы 600 км шекараны қоса алғанда 12187 км.

Республика аумағы Батыс Сібір жазығынан  оңтүстіктегі Тянь-Шань тау жүйесі және солтүстіктегі Қызылқұм шөліне дейін екі сағаттық белдеуді ала отырып, батыстағы Волганың төменгі ағысынан  шығыстағы Алтай тауларының етегіне дейін созылып жатыр.

Еліміздің климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа  температура Цельсии бағаны бойынша  -19-дан -4 Сº-қа дейін, шілдедегі орташа температура +19-дан +26 Сº- ты көрсетеді.  Қыста ең төменгі температура -45Сº-қа, ең жоғары температура +30Сº-қа дейін жетеді.

Табиғаты
Қазақстан Республикасы ерекше және бай  биологиялық ланшафттардың күрделілігімен ерекшеленеді. Оның табиғат аймақтары солтүстік шөлейттерден, алпі шалғындары мен  мәңгілік қарлы ланшафттардан тұрады.
Қазақстанда 8,5 мың үлкен және кіші өзендер бар. Қазақстанның ең үлкен өзендері Каспий теңізіне құятын Орал және Эмба, Арал теңізіне құятын Сырдария.  Ертіс, Есіл, Тобыл Республикамызды кесіп өтіп Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды.

Қазақстанда 48000  үлкен және кіші көлдер бар. Олардың ішіндегі ең үлкендері- Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз,  Сілетітеңіз. Дүние жүзінің ең үлкен теңізі- Каспий теңізінің солтүстігінің үлкен бөлігі және шығыс жағалауының жартысы Қазақстанға қарайды.

Теңдесі жоқ табиғатының алуан-түрлілігінен өзге, Қазақстан минералды қазбалардың мол қорына ие болып отыр. Менделеев кестесінің 105 элементінің Қазақстан қойнауында 99-ы  анықталды, 70-нің мол қоры барланған және 60-тан астам элемент өндіріске жаратылып отыр. Қазақстанда 6000-ға жуық пайдалы қазбалардың кен орындары белгілі. Осылай, Қазақстан  мұнай қоры бойынша әлемнің алғашқы он елінің қатарына кіреді. Қазақстанда ашылған уран кен орындары әлемдік қор бойынша екінші тұғырда тұр. Алтын қоры бойынша Қазақстан әлемде алтыншы орында.      
Кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша Қазақстанда барлау жасалып, зерттелген қойнауы 10 триллион АҚШ долларына бағаланады

Халық
Бүгінде Қазақстанда 15 млн. 620 мың-дай адам тұрады. Қазақстанның этникалық құрамы 130-дан астам топтан тұрады. Олардың ең ірілері қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер және басқалары. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады, алайда оқу, жұмыс немесе қарым-қатынас үшін азаматтар өздеріне қолайлы деп тапқан тілдерін таңдай алады.

Діні  - сунниттік мұсылман, провослав христиандығы, католиктер, протестанттар, иудаистер, будда және басқалар.

Саяси құрылымы
Қазақстан – конституциялық парламенттік- президенттік республика.

Экономикасы
Қазақстан нарықтық экономикалы мемлекет болып табылады. Ұлттық экономика саясаты Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Қазақстан Республикасы үлкен өндірістік әлеуетке және жоғары кәсіби еңбек ресурсына  ие, пайдалы қазбалардың бай қоры мен кең тараған ауыл шаруашылық мекендері орналасқан.
Қазақстан бес ірі экономикалық аймақтан тұрады:
Солтүстік Қазақстан – астық шаруашылығы, темір рудасын және тас көмір өндіру, машина жасау, мұнай өнімдері және ферробалқыма, энергетика дамыған.
Шығыс Қазақстан – түсті металлургия, энергетика, машина жасау және орман шаруашылығы.
Солтүстік Қазақстан – Ірі мұнай-газ өндіруші аймақ.
Оңтүстік Қазақстан – мақта, күріш, жүн, астық, жеміс, көкөніс, жүзім; түсті металлургия, прибор жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, балық және орман шаруашылығы дамыған.
Ақша бірлігі-теңге, 1 теңге = 100 тиынды құрайды. 1993 жылы 15 қарашада енгізілген.

Қазақстанның ел ордасы Астана
Астана әлемнің жаңа ғажайыбы.
«Батыс ол Батыс, Шығыс ол Шығыс, олар ешқашан бірге болмайды» деп кім айтты.?  Қазақстанда бұл өзгермейтіндей көрінген ой-пікірді түбегейлі өзгерткен қала бар.
1997 жылы Егеменді Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ел ордасын Алматы қаласынан Астанаға көшіру туралы ұсыныс жасады. Бұл шешім қаланың Еуразия континенті мен Қазақстанның ортасында орналасқан  маңызды геосаяси жағдайына, қажетті транспорт және коммуникациялық инфрақұрылымының барлығына байланысты ұсынылған еді. Жаңа астананы таңдауда ең маңызды рөл қаланың өркендеуіне қажетті бос жерлердің көп болғандығы.
1998 жылы ел басшысы жаңа Ел ордасының атын өзгертуге шешім қабылдады. Оған «Астана» деген ат берілді, яғни, қазақ тілінен аударғанда «столица» дегенді білдіреді. Қалаға ел орда функциясы берілгеннен кейін оның дамуында жаңа кезең басталды. Астана еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени орталығына айналды.  

Астананы бүкіл әлем болып тұрғызды.
Көз алдымызда өзгеріп бара жатқан жас астана Қазақстан  халқының жасампаздығының, шығармашылдығының  және алға басуының символы. Астана құрылысына еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниясы қатысты, 135 завод құрылысты құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті.
Жергілікті фирмалармен қатар жаңа астананы тұрғызуға түрік, итальян, француз, швейцар компаниялары  ат салысты. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орта және ірі кешендер бой түзеді. Құрылыстың қарқынды түрде жүруі және халықтың қолдауы 10 жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі модернизацияланған өз бейнесі мен стилі бар қала салуға мүмкіндік туғызды.

Астананы әлемнің үздік сәулетшілері салды.
Қаланың сәулет концепциясын әзірлеуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуразиялық  өң беру туралы идеясы басшылыққа алынды. Астананы салудың  Бас Жоспарының авторы Амстердамдағы Ван Гог музейінің авторы, Куала –Лумпурдағы халықаралық әуежай  және Осакадағы ұлттық этнологиялық мұражайдың авторы, атақты жапон сәулетшісі Кишё Курокава (Kisho Kurokawa) болды.  Курокаваның бас жоспары бойынша жасалған  сәулет ансамбльдері осы заманғы дизайн және азиялық калоритті үйлестіре білген. Бұл қалаға қайталанбас әсемдік берді, ғимараттардың әдемілігі мен биіктігі жағынан қала -Токио, Нью-Иорк, Дубаймен бәсекелесе алады.
Астана басқа да атақты британдық , хай-тек стильіндегі танымал архитектор  Норман Фостердің идеяларының сынақ алаңына айналды. Норман Фостер Лондондағы  Millennium Bridge-ді және әлемнің аса ірі Пекиндегі әуежайын, Берлиндегі Бундестаг ғимаратын, және Еуропадағы ең биік зәулім үй- Франкфурттегі Коммерцбанкты, Лондондағы қайта салынған стадионды, Нью-Иорктегі Hearst корпорациясына арналған мұнараны тұрғызған архитектор. Фостер Лондондағы ерекше құрылыстардың бірі қияр- Swiss Re- зәулім үйінің авторы.
Астанада Норман Фостер әлемдегі ең теңдесі жоқ дін үйін – Бейбітшілік сарайын салды. Сонымен қатар, архитектордың командасы Қазақстан астанасы үшін жаңа Хан-шатыр» ойын-сауық орталығын  да салды.

Астана –«қазақстан брендінің» бөлігі
1999 жылы маусым айында қала «Бейбітшілік қаласы» атты  Юнеско сыйлығына ие болды, ал 2003 жылы Moody`s Investors Service алдыңғы қатарлы әлемдік рейтинг агенттігімен бағаланды. Жас астана «қазақстан брендінің» маңызды бөлігіне айналды. Қазірдің өзінде әлемнің ең үздік 30 қаласының қатарына енуіне барлық негіз бар.
Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы Қазақстан халқы мен шет елдік қонақтар үшін күннен-күнге тартымды болып, жаңғырып жаңара түсуде. Еуропалық және шығыстық мәдениеттің тамаша дәстүрлері үйлесім тапқан осы заманғы сәулет стилі экономикалық, саяси және мәдени орталық ретінде жаңа астананың бейнесін толығымен көрсетеді.
Қала пейзажы өте қысқа мерзімде өзгеріп шыға келді және қала ары қарай қарқынды өсуде. Қаланың түнгі жабдықтары - ғимараттардың шебер жарықтандырылуы, көшені жарықтандыру оттары, гирлянділер, Есіл өзеніндегі түрлі-түсті субұрқақтар, жағалау шамдары, дүкендердің, барлардың, түнгі клубтардың жарық витриналары секілді астананың түнгі бейнесі де өзгерді.
Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігінің символына айналды. Қазақстанның болашағы  кеше ғана  «жаңа астана» ретінде қабылданған, бүгінде ХХІ ғасырға нық қадаммен аттаған елдің, Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігіне айналған Астананың болашағымен тығыз байланысты.

Дереккөз: http://www.osce2010.kz

Мемлекеттiк серiктесi

gerb
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және Даму Министрлігі

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • ERG-logo
  • kaz-minerals logo
  • polimetall logo

Күміс серіктестері

  • arcelor
  • AMK logo