14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы «Оскар»

«AstanaMining&Metallurgy 2015» VI халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің негізгіі оқиғаларының бірі жыл сайынғы ұлттық салалық «Алтын Гефест» сыйлығы, ондағы жеңімпаздарға құрмет көрсету Астана қаласында 18 маусымда өтетін гала-қабылдауда өткізіледі.  

gh logo«Алтын Гефест» сыйлығы – 2010 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бекітілген ERG компаниясының тұрақы қолдауымен өтетін бірегей кәсіби марапат.   

«Алтын Гефест» – тау-кен өнеркәсібі кешенінің қызметкерлері мен компанияларына, сондай-ақ тау ісі мен металлургия саласында ең үздік атағын алуға үміттенетін жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың мамандарына берілетін Қазақстандағы жалғыз үздік дәрежесі.

«Алтын Гефест» сыйлығы, ең алдымен, қазақстандық компаниялардың озық жетістіктерін кеңінен тарату және біздің еліміздің салаларын дамытуға айрықша үлесін қосқан азаматтарды танып, қоғамдық құрметке бөлеу мақсатын көздейді.

Жыл сайын бүкіл Қазақстаннан 100-ден номинант байқауға қатысады. Тұрақты қатысушылардың ішінде «Казцинк», «KSPSteel», «ЕвразКаспиан Сталь», «Казхром», «Қазақмыс» компанияларының қызметкерлері, тау-кен және металлургия мамандықтарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері және тағы басқалары бар.

Төмендегі номинациялар бойынша «Алтын Гефест» байқауына қатысуға барлық қалаушылардың өтінімдерін жинау 2015 жылдың 1 ақпанында басталды:

1.  Жыл кәсіпқойы:
Жыл геологы
Жыл кеншісі
Жыл металлургы
2.  Жыл жобасы
3.  Инновация бойынша жыл көшбасшысы
4.  Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы
5.  Жыл ғалым-педагогы
6.  Жылдың үздік дипломдық жұмысы
7.  Жылдың үздік медиажобасы:
Баспадағы немесе Интернет ресурсындағы ТКМК туралы ең үздік журналистік жұмыс
Телеарнадағы ТКМК туралы ең үздік журналистік жұмыс
ТКМК-дегі Еңбек адамы туралы ең үздік журналистік материал (арнайы сыйлық)
8. Қуатты үнемдеу саласындағы ең үздік шешім (ERG-нің марапаты).

«Алтын Гефест» сыйлығының жеңімпаздары дәстүрлі түрде гала-қабылдаудың қарсаңында қазылар алқасының жабық түрдегі талқылауында анықталады. Сараптыққазылар алқасының құрамына саланың ең беделді кәсіпқойлары кіреді.

Номинациялардың кейбір түрлері бойынша (жыл ғалым-педагогы, жылдың үздік дипломдық жұмысы, жылдың үздік медиажобасы) ақшалай сыйлық қарастырылады.  

Байқаудың қорытындысы «AstanaMining&Metallurgy 2015» VI халықаралық тау-кен металлургия Конгресі шеңберінде 12 маусымда салтанатты обстановка түрде жарияланады. Марапаттау рәсіміне әр номинация бойынша көшбасшылар үштігіне кірген компания басшылары мен үміткерлер шақырылады.

Номинациялар, таңдау өлшемі, талап етілетін мәліметтер туралы барлық ақпаратты және өтінімді www.amm.kz сайтынан ала аласыз.

Толтырылған өтінімді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекен-жайына жіберу керек.

Iteca қазақстандық көрме компаниясы - «AstanaMining&Metallurgy 2015» Конгресі мен «Алтын Гефест» сыйлығының ұйымдастырушысы барлық қатысушылардың жетістіктері мен ең табыстылардың осы жылы еңбегі сіңген жеңістерінің мойындалуын тілейді.

  • -де жасалған