14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Геология саласының инвестициялық тартымдылығы артады

72 main 247x139Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «25 жыл ішінде геологиялық саланың дамуы туралы. 2016 жыл үшін қорытындылар» деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтті. Инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев 2016 жылы атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде баяндады.

Ол 2015 жылдан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 74-ші қадам – ҚПҚ және КСШ бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін (CRIRSCO) енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«2016 жылдың маусым айында Қазақстан CRIRSCO комитетінің 10-шы мүшесі болды. Пайдалы қазбалар қорының есебі халықаралық стандарттарына көшу минералдық-шикізат кешеннің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықаралық биржаларға шығу үшін ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ететінін айта кеткен жөн», – деді Б.Нұрабаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның геологиялық барлауына инвестициялар тартуды ынталандыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында, Инвестициялар және даму министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс әзірлеуде.

«Жалпы, әзірленіп жатқан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексте қарастырылған жаңа тәсілдемелерді іске асыру геологиялық барлауға инвестициялардың ағылып келуіне себепші болады. Нәтижесінде, бұл Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенуін едәуір көтеруге, сондай-ақ еліміздің геологиялық-шикізат базасын толықтыруға мүмкіндік тудыратын болады», – деп мәлім етті комитет төрағасы.

Көзі