14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Тау-кен металлургия өнеркәсібінің ең үздік мамандары Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінде, «Алтын Гефест» конкурсы аясында марапатталатын болады.

Биыл Қазақстанда алғаш рет тау-кен игеру саласындағы жаһанды оқиға мерейтойлық 25-ші ДТК – Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі өтеді. Әлемнің көшбасшы институттары мен компаниялары тау-кен металлургия индустриясындағы өздерінің ең жаңа әзірлемелерін көрсетеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында өнеркәсіп мамандары тау-кен металлургия саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

АММ конгресі аясында тау-кен металлургия саласының шебер кәсіпкерлерінің жыл сайынғы «Алтын Гефест» конкурсы дәстүрлі түрде Астанадағы ТМК алаңында өткізілетінін естеріңізге саламыз. Конкурстың негізгі міндеті, геология, металлургия және тау-кен ісі саласындағы мамандардың жетістіктерін анықтау болып табылады. Биылғы жылы ұлттық сыйлықты тапсырудың салтанатты рәсімі 9-шы рет өткелі отыр.

Жыл сайын қатысушылар санының өсуі әртүрлі тау-кен металлургия қауымдастары тарапынан болатын жанды қызығушылықпен негізделеді. Конкурс талаптары мен оған қатысудың сөзсіз артықшылықтары бар:

• Тәуелсіз әділқазылардың шынайы бағасы
• Бағалау критерийлері өте ашық *
• Қатысушылар туралы ақпаратты беру мен жинаудың электронды жүйесі
• Өз жетістіктерін тау-кен өнеркәсібі индустриясының беделді мамандарына көрсету перспективасы
• Өнеркәсіптік емес сала өкілі бола отырып, беделді марапат алу мүмкіншілігі – конкурсқа тікелей тау-кен өндіру саласының кәсіби мамандары да, сондай-ақ журналистер де, студенттер де, ғалым-педагогтар да қатыса алады
• Конкурсқа қатысу тегін.
* Құзіретті әділқазылар алқасының құрамына тау-кен өнеркәсібі индустриясының беделді мамандары мен мемлекеттің ресми тұлғалары кіреді.

Былтырғы жылы сараптамалық әділқазылар 190 өтінімді қараған. «Алтын Гефест» конкурсының қорытындысы бойынша 12 жеңімпаз статуэткамен, сондай-ақ кейбір номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «Алтын Гефест» конкурсының 2018 жылғы айрықша ерекшелігі, мамандардың өз жетістіктерін тек өз отандастары алдында ғана емес, сонымен қатар тау-кен металлургия Конгресінің халықаралық мамандары алдында да көрсету мүмкіншілігі болып табылады. Бүгінгі таңда ДТК-не өздерінің қатысатындықтарын 30 елден 18 халықаралық білім мекемесі, 47 ассоциация растады.

Салалық «Алтын Гефест» конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі ДТК-нің екінші күні, 2018 жылғы 20 маусымда өтеді.

Өтінімдер 2018 жылғы 25 мамырға дейін қабылданады.

Номинациялар, таңдау критерийлері, талап етілетін материалдар туралы барлық ақпаратты мына жерден қараңыз.
Конкурсқа қатысу үшін тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді.

Қазақстандық Iteca көрме компаниясы «Алтын Гефест» конкурсының ресми оператор болып табылады.

  • -де жасалған