14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Мемлекеттің индустриалдық-инновациялық саясатымен үндестікте

Жазда Астанада өтетін «Astana Mining & Metallurgy» III Халықаралық таукен-металлургия Конгресінде (AМM 2012) отандық және шетелдік таукен-металлургия кешені (ТМК) кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ әлемнің таукен-металлургия державаларының басшылары мен өкілдері бас қосады. «АММ-2012» Конгресі 2012 жылғы 4-6 шілдеде Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жетекшілігімен өтеді. Оның бағдарламасына бірнеше іс-шара кіргізілген, бұл: Форум, Көрме, «Алтын Гефест» конкурсы, дөңгелек үстелдер және «Астана күні» мәдени бағдарламасы, оларға 1000-нан астам қонақ қатысады. АММ 2012 іс-шарасының басты тақырыбы - «Барлау. Өндіру. Өңдеу». Форумның тұжырымдамасы мемлекеттің индустриалдық-инновациялық саясатымен және бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін жасаумен, инновациялық әзірленімдерді ендірумен үндестікте әзірленген, олардың іске асырылуы сала үшін кадрларды дайындаудың сапасына байланысты, ал олар Қазақстанның ТМК-сін озық позицияларға шығаруға тиіс. «АММ» форумы әрқашанда Қазақстан ТМК-сінің ең өткір ағымдық және стратегиялық проблемаларын талқылау үшін ашық алаң болған. Қазақстан, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Ресей, Түркиядан келген 20-дан астам спикердің сөз сөйлеуі жоспарланып қойған. «АММ-2012» Конгресінің жұмысына әлемнің жетекші таукен-металлургия державаларының үкіметтерінің басшылары мен өкілдері, қатысушы-елдердің төтенше және өкілетті елшілері, салалық қауымдастықтар, жаһандық таукен-металлургия компаниялары қатысады. Астанада білімді, тәжірибе мен мүдделерді интеграциялау, минералдық-шикізат және инновациялық әлеуетті дамыту арқылы таукен өндіруші елдердің халықаралық өзара әрекеттестігіне қатысты мәселелер талқыланбақ. Форум шеңберінде «ТМҚ үшін инновациялар» және «ТМК үшін кадрлар» тақырыптық дөңгелек үстелдер болып өтеді. Қазақстан ТМК-сінің жетістіктері, дәстүр бойынша, Конгреспен қатар өтетін көрме экспозициясында көрнекі түрде назарға ұсынылады. Көрменің құрылымы тақырыптық желістерден тұрады және онда өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік және білім беру қатарлары ұйымдастырылған. Оның қатысушылары таукен өндіруші кәсіпорындар, өндеуші зауыттар, ғылыми орталықтар және зерттеу институттары, консалтингтік және қаржы ұйымдары, сондай-ақ бейіндік университеттер мен колледждер, тренингтік орталықтар болып табылады. Ұйымдастырушылар – Iteca көрме компаниясы және ITE компаниялар тобы – шетелдік компаниялар қатысатын осы жылдың экспозициясын кеңейтуді жоспарлап отыр. ТМК өнеркәсіптік өндірісінің атынан бұл саланың сан алуан түрлі жұмыс кәсіп иелері қатысады, ал бұл кеңес заманынан бері шілденің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Металлург күні деп аталатын жалпы халықтық салалық мерекенің пайда болуына алып келді. Кәсіптік мерекенің қарсаңында АММ Конгресі құрылған күннен бастап оның шеңберінде өткізілетін «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсы ерекше мәнге ие болады. «Алтын Гефест» конкурсының мақсаты таукен ісі және металлургия саласындағы оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату үшін бұл салада жұмыс істейтін компаниялар мен мамандардың жетістіктерін тану болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, осының алдындағы жылдардағыдай, конкурсқа қатысу тегін. Жеңімпаздар арнайы наградаларға ие болады, ал кейбір номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтар көзделген. «Алтын Гефест» конкурсының Бас Серіктесі «ENRC» компаниясы болып табылады. «АММ-2012» Конгресінің ұйымдастырушысы қазақстандық көрме компаниясы «Iteca» ЖШС болып табылады. Жобаның Мемлекеттік Серіктесі – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Ресми қолдау көрсетіп отырған Астана қаласының Әкімдігі, Таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ), «Тау-Кен Самұрық» АҚ, Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ҚР ұлттық орталығы. Оқиға туралы толығырақ ақпарат www.amm.kz ресми сайтында орналастырылған.

 
  • -де жасалған