14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Қазақстанның тау-кен металлургия кешені күндері

 

 

Қазақстанның тау-кен металлургия кешені күндері

2012 жылғы 4-6 шілде |  Астана, Тәуелсіздік Сарайы

2012 жылғы 4 - 6 шілде аралығында Астанада Тәуелсіздік Сарайында тұңғыш рет Қазақстанның Тау-кен металлургия кешені күндері өтеді. Саладағы орталық оқиғалардың бірі ретіндегі іс-шара бағдарламасына мыналар кіреді: Үшінші Халықаралық «Astana Mining & Metallurgy» тау-кен металлургиялық Конгресі (AMM 2012, 4 шілде), Тау-кен металлургия кешені жұмыскерлерінің Үшінші Съезді (5 шілде), «ТКМК инновациялары» және «ТКМК үшін кадрлар» тақырыптамалық алқалы отырыстар (5 шілде) және «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсы өткізіледі.

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешені күндерінің басты ұйымдастырушысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады. Тау-кен металлургия кешені жұмыскерлерінің Үшінші Съездінің ұйымдастырушысы – Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының кәсіподағымен серіктестікте Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (КМКҚ). АММ 2012 Конгресінің ұйымдастырушысы халықаралық ITE Group Plc серіктесімен (Ұлыбритания) бірге қазақстандық Iteca көрмелер компаниясы болып табылады. Ресми қолдау көрсетушілер: Астана қаласының Әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы.

Тау-кен металлургия индустриясы мұнай газ саласымен бірге ел экономикасының басым салаларының бірі болып келеді. ІЖӨ 19 пайызы  ТМК үлесіне тиесілі. Еліміздің жалпы экспортында ТМК үлесіне 20 пайызы дәл келеді.

Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің күндерін өткізу концепциясы экспорттың бәсекелестікке қабілетін ұлғайту және жоғары шектердің өнімдерін құру, инновациялық әзірленімдерді енгізу және Қазақстанның Тау-кен металлургия кешенін алдыңғы қатардағы орындарға шығаруға тиіс білікті кадрларды дайындау бойынша мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатының негізгі міндеттеріне жауап береді.

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешенінің күндеріне қатысу үшін Астанаға Беларусь, Қытай, Түркия, Украинадан профильді міністерліктердің делегациялары келді.

2012 жылы АММ Форумы геологиялық барлаудан, рудаларды өндіруден, байытудан және қайта өңдеуден бастап, дайын өнімдер жасап шығарғанға дейін өндірістік үдерістердің толық циклының мәселелерін қамтиды. АММ-2012 Конгресінің сессиялары тақырыптамалары бойынша: геологтардың сессиясы, кеншілердің сессиясы және металлургтердің сессиясы болып бөлінген. Қазақстан, Австралия, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Ресей, Түркиядан 20-дан астам спикер сөйлейді деп жоспарланған. Форумның шеңберінде өткізілетін көрме отандық тауарлар мен қызметтерді өндірушіларды, сондай-ақ қазақстандық ғылыми орталықтарды қолдауды нысана ретінде көздейді.

АММ-2012 Конгресінің жұмысына 23 елден 1 200 делегат қатысады, олардың ішінде мына елдер: Австралия, АҚШ, БАӘ, Беларусь, Бельгия, Британия, Германия, Жапония.Канада, Қазақстан, Қырғыстан, Қытай, Латвия, Нидерландтар, Оңтүстік Корея, Польша, Ресей, Румыния, Түркия, Украина, Үндістан, Франция және Швейцария.

АММ-2012 экспозициясы 7 елдің 60 компаниясымен таныстырады. Тұңғыш рет Украинаның тау-кен металлургия саласы ауқымды таныстырылмақ – көрмеде ұлттық стенд қалыптастырылған. Қалыптасқан дәстүр бойынша, көрменің құрылымы тақырыптамалық қатарларға бөлінген: Өнеркәсіптік, Алтын, Сервис, Инновациялық және Білім беру.
Көрме 4 және 5 шіледе есіктерін ашады.

ТКМК Күндерінің енді бір ірі іс-шарасы Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының кәсіподағымен серіктестікте Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТКМКҚ) ұйымдастыратын Тау-кен өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезді болмақ. Съезге 370 делегат қатысады, олардың қатарында тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының, ТКМК және көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподақтық бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың, даму институттарының басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары бар. Съездің жұмысына ҚР Бірінші вице-премьерц Серік Ахметов қатысады. Съездің модераторы ретіндегі қызметті ТКМК атқарушы директоры Николай Радостовец атқарады.

ТКМКҚ Съездінде өндірісті жаңарту және қазақстандық құрамды жоғарылату, бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуі, заңнаманы жетілдіру, еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейту және әлеуметтік серіктестікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету секілді Қазақстанның тау-кен металлургия секторын дамытудың неғұрлым өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.
ҚР Тау-кен Кодексінің қабылдану перспективаларын талқылауға жеке назар аударылады. Талқылаудың қорытындылары Съездің қарарында тиісті көрініс табады.

«ТКМК инновациялары» және «ТКМК үшін кадрлар» тақырыптамалық алқалы отырыстар екі залда бірдей уақытта өтеді. «ТКМК инновациялары» дөңгелек үстелінің модераторы Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев болады. Отандық ғылыми-инновациялық әзірлемелерді алғы жылжыту бұл алқалы отырыстардың басты мақсаты болып табылады. Жұмыстың қорытындысы ғылыми орталықтар мен отандық кәсіпорындар арасында меморандумдарға қол қою болмақ.

«ТКМК үшін кадрлар» алқалы отырысының модераторы ҚР Индустрия және жаңа технологияларның Бірінші вице-министрі Альберт Рау болады. Баяндамашылардың қатарында түрлі елдерден, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Ұлыбритания мен Қырғызстаннан келген сарапшылар бар. «ТКМК үшін кадрлар» алқалы отырыстың  мақсаты – ҚР Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтерін әзірлеуге қатысатын тиісті жұмыс топтарына біртұтас жүйені көрсету және сипаттамал ұсыну. Өткен жылғы АММ Конгресінде құрылған ТМК кадрлары бойынша салалық кеңестің жұмысы жалғастырылады.

Салалық кеңес дайындаған Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы және кәсіптік стандарттарды әзірлеу әдістемесін жүйелі түрде өзара келісіп отыруға ұсыныстамалар беріледі және министрліктерге жіберіледі.

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешені күндерінің бірегейлігі – салалық қауымдастықтың бір ауқымды іс-шараның айналасында шоғырлануы, бұл өз кезегінде, тау-кен металлургия саласының және жалпы Қазақстан экономикасының бұдан әрі дамуына септігін тигізеді.


Мәлімет үшін:

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТКМК) Қазақстанның ТКМК 85 ең ірі кәсіпорнының басын қосады, олардың қатарында ENRC.Plс, Қазақмыс, Казцинк, Қазақалтын, АрселорМиттал Теміртау және басқалары бар.

Қазақстандық Iteca көрмелер компаниясы халықаралық ITE компаниялар тобымен тығыз ынтымақтастықта 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Жыл сайын Қазақстанда ITE/Iteca 35 шақты іс-шарасы өткізіледі. Портфолиодағы белгілі экспо-оқиғалар төмендегілер болып табылады: выставка и конференция KIOGE көрмесі және конференциясы, MiningWorld Central Asia тау-кен металлургия көрмесі, KazBuild құрылыс көрмесі және басқасы. Былтырғы жылдан бері ITE/ Iteca KAZENERGY Еуразиялық Форумының аккредитацияланған ұйымдастырушылары болып табылады.


Пайдалы сілтемелер мен байланыстар:

ҚР ИЖТМ www.mint.gov.kz ; (7172) 241962,
ТКМК    www.agmp.kz; (7172) 609612, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .
Iteca www.iteca.kz; (777) 2145992, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
ITE www.ite-exhibitions.com.