14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

АММ 2019 – ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ТАУ-КЕН ҚАЗУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫНЫҢ ӨЗЕГІ

«Astana Mining&Metallurgy» Конгресінің (АММ) басталуына екі апта қалды. Өте жақын арада Қазақстанның астанасы Орталық Азиядағы тау-кен қазу және өндіру өнеркәсібінің жетекші мамандарына арналған іскерлік орталыққа айналады. Оныншы мерекелік АММ 2019 конгресі 12-13 мамырда Hilton Astana өтеді. Конгресске әлемнің 12 мемлекетінен 500 аса делегаттар, 58 белгілі спикерлер және 24 компания – тау-кен металлургиялық саласының көшбасшылары қатысады деп күтілуде.

Металлургия және аралас салаға деген жан-жақты қызығушылық АММ Конгресі жаңа іскерлік байланыстарды орнатып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, болашақ инновациялық пікірлермен бөлісуге мүмкіндік береді. Форумның мақсатты аудиториясы – жоғары сапалы металл өнімдерін, заманауи жабдықтарды, технологияларды, инновациялық шешімдерді жеткізуге мүдделі отандық және шетел бизнесінің басшылары мен мамандары.

Екі күн ішінде қатысушыларды толық іскерлік бағдарлама күтіп тұр. АММ 2019 диалогтарға арналған көптеген алаңдарды ашады және ірі компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік құрылым өкілдерімен B2B және G2B кездесулерінен, сондай-ақ хакатон және салалық Алтын Гефест  конкурсынан тұрады.

Заманауи тренд – металлургия өнеркәсібін сандық жүйеге ауыстыруды назарға ала отырып, АММ Конгресінің ұйымдастырушылары оқиға іс-шараларын өткізуге жаңа тәсілдерді ұсынады.

АММ 2019 конгресі уақыты аралығында бастауыш кәсіпкерлер, бағдарламашылар және стартаперлер үшін алғаш рет Mining Challenge 2019 хакатоны өтеді, ол қойылған міндеттерге сәйкес 24 сағат ішінде шешімін табады және әр түрлі құралдар мен ақпараттық технологиялардың көмегімен тау-кен металлургиялық компаниялар үшін түпүлгі жасайды. Алынған шешімдер компанияларға өндірістік процесстерді, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек ресурстарын және қаржылай ағындарды басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

АММ 2019 конгресінің ұйымдастырушылары Конгресстің Tech Garden инновациялық әріптесімен бірлесіп Хакатонның негізгі мақсаты ретінде  нүктелік ІТ-шешімдерін пайдалану және қазақстандық ІТ-қызметтерді жеткізушілерді кеңейту арқылы іс жүзіндегі цифрлауға корпорацияларды тартуды қояды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлық алады және өз жобасының өндірісте немесе кәсіпорында жетілу бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алады.  

АММ 2019 толық іскерлік бағдарламасы шеңберінде 20 аса сессиялар өтеді, соның ішінде тау-кен металлургиялық кешеннің барлық сегменттері бойынша панельдік пікірталастар, семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, шеберлік-класстар. «АММ» конгресінің негізгі тақырыбы «Сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық болашақ» болады.  

«Дүниежүзілік тау-кен қазу өнеркәсібін дамыту стратегиясы» пленарлық отырыс іскерлік бағдарламаны ашады, соның шегінде ТМК отандық және шетелдік көшбасшылары өнеркәсіпті сандық жүйеге ауыстыру шарттарындағы өз компанияларын дамыту стратегиялары жайлы айтады. Модератор ретінде  Ричард Робертс, редактор Mining Journal (Лондон) сөз сөйлейді. Спикерлер ретінде: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек, Еуразиялық топ (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, Hatch сандық шешімнің басқарушы директоры Карло Кристофари, «Сандық шешімдер» Hatch (Канада) басқарушы директоры Микаэл Линдхольм FLSMIDTH Вице-президенті  (Дания) және FreeportMcMoRan (Америка), «KAZ Minerals Management» ЖШС, «Корпорация Казахмыс» ЖШС компаниясының топ-менеджерлері сөз сөйлейді.

АММ 2019 конгресінің бағдарламасы:

  • «ТМК сандық жүйеге ауыстыру. Жаһандық көшбасшылардың тәжірибесі» панельдік пікірталас
  • Қазақстан алтын өнеркәсібінің қожалары форумы
  • «Қазақстандық әзірлемелер негізіндегі тау-кен металлургиялық кешенін цифрлық жаңарту» дөңгелек үстелі.Круглый стол «Индустрия 4.0. Цифровые технологии»
  • «Жаңарту және экология» дөңгелек үстелі
  • Сирек кездесетін жер металлдары бойынша дөңгелек үстел
  • Schneider Electric, SAP, Hatch, Dundee Sustainable Technologies Micromine, Outotec, KPMG компанияларының техникалық семинарлары
  • Назарбаев Университетімен бірлесіп «Mining 4.0 дәуіріне білім» оқыту курсы
  • «Инвестиция үшін күрес – КІМ ЖЕҢЕДІ?» инвестициялық сессия
  • Инвестициялық жобалардың көрсетілімі
  • ERG еуразиялық топ тау кен қазу компаниясы және «Казцинк» ЖШС-ның «Сатып алуларға қатысу: қалай жеткізуші болады?» көрсетілімі
  • GR мамандарына арналған шебер-класстан тұрады.

Сол сияқты АММ 2019 конгресі шегінде «Алтын Гефест» конкурсының лауреттарын марапаттау болады, бұл ТМК мамандары үшін ең беделді республикалық мағынасы бар марапат. «Алтын Гефест» бірінші мүсінше алғаш рет Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырылған болатын, осылайша болашақ конкурсқа қатысушылардың жобаларына жоғары кәсіби деңгей және шығармашылықтар талап  қойылған. Конкурс «Алтын Гефест» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен белсенді қолданады. Конкурстың Бас серіктесі Еуразиялық топ (ERG) болып табылады.

«Алтын Гефест» конкурсына қатысуға 182 өтінім берілді, соның ішінде «Жыл геологы», «Жыл кеншісі», «Жыл металлургы» және «Жыл ғалым-педагогы» номинациясына 77 өтінім; «Жыл жобасы», «Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы», «Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы»,  «Үздік digital-шешім  ТМК» және «Үздік шетелдік әріптес» номинациясына 16 компаниядан 22 өтінім берілді.  Сонымен қатар, баспа, онлайн БАҚ-та 74 баспа материалы және бейне сюжет қаралды. Тоғыз студент «Жыл дипломдық жұмысы» номинациясы үшін күреседі. 

 «Алтын Гефест» конкурсының қорытындысын шығару және марапаттау АММ конгресінің шегінде The Ritz-Carlton Astana қонақ үйінде өтеді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық алады, студенттерде ірі компанияларда тағлымдамадан өту мүмкіндігі пайда болады, журналистердің материалдары халықаралық баспаларда жарық көреді.

АММ 2019 конгресінің ұйымдастырушылары: Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның  ITE компания тобының халықаралық серіктесі.

press congress kz

  • -де жасалған