14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ГЕОЛОГИЯ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН КЕҢЕЙТЕДІ

Kitay3 251x18822 қарашада Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-ші отырысының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев және Қ.Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры Мұрат Өмірсеріков бастап барды.

Kitay1 251x188Қытай Халық Республикасы атынан ҚХР Жер және табиғи ресурстар министрлігінің басшылары, ҚХР Сыртқы істер министрлігі Азия және Еуропа департаментінің бірінші хатшысы, ҚХР Геологиялық барлау партия тобының мүшелері өкілдік етті.

Ашылу салтанатында ҚХР Жер және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Цао Вейсин отырысқа қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Министр Қазақстандық делегацияның іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, одан әрі гүлдене беруін тіледі. Министр екі елдің геологиялық қызметтері арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың және бірыңғай геологиялық карта құру мақсатымен зерттелетін өңір шегінде геологиялық ақпаратпен алмасу бойынша жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев өз сөзінде осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қытай Халық Республикасындағы әріптестеріне ризашылғын білдірді.

«Біз тек қана бірлесе күш сала отырып, Кіші комитет шеңберінде геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың жемісті болуын қамтамасыз ете аламыз. Өйткені, біздің елдеріміз арасындағы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жәрдем көрсету үшін отырыстарды тұрақты өткізіп отыру маңызды», - деді Б.Нұрабай.

8-ші отырыстың күн тәртібі оқиғаға толы болды. Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің жұмыс жағдайы жөнінде ақпарат беру, перспективалық учаскелерді талдау және анықтау үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараға шектес алаптың бірыңғай картасын құрастыру жөніндегі жобаны талқылау, жобаны орындау бойынша проблемалы мәселелерді талқылау сияқты геологиялық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың маңызды түйткілдері қарастырылды.

Сонымен қатар, отырыста бірлескен жобаларды дамыту бағыттары, екі елдің геологиялық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және геологиялық ақпаратпен алмасу жұмысын күшейтужөніндегі жоспарлар талқыланды.

Алдағы халықаралық конгрестерге, Қазақстан мен Қытайдағы геологиялық барлау және тау-кен металлургиялық бейін көрмелеріне геологиялық барлау кәсіпорындарының қатысуы мәселесі қарастырылды.

Қытай тарапы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қызметкерлері мен қазақстандық геолог мамандарды геологиялық бағыттар бойынша оқытуға әзір. Сондай-ақ, Қытай тарапы Қытай Халық Республикасының Үкіметі атынан стипендия бөлу үшін Комитеттің төрағасына Пекин университеттерінде оқып жатқан үздік Қазақстандық студенттерді анықтауды өтінді.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен ҚХР Қытай геологиялық қызметі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою жөніндегі мәселе қарастырылуда.

Кіші комитеттің 8-ші отырысына қатысқандар іс-шараның жоғары әрі кәсіби деңгейде өткенін айтты.

Көзі

  • -де жасалған