UFI Approved Event
19-22 Маусым 2018 • Астана, Қазақстан • ЭКСПО конгресс-орталығы
Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі
  • Home
  • Конгресс туралы

Конгресс туралы

25-26 мамыр аралығында Астана қаласында «ТКМК-не арналған өсудің стратегиялық драйверлері» тақырыбында "Astana Mining & Metallurgy" ‒ AMM 2017 VIII Халықаралық тау-кен металлургиялық Конгресі ойдағыдай өтті.

Құрылымы 4 негізгі сессияны белгілейтін АММ 2017 Форумының бағдарламасында: ТКМК-гі өндіріс өсімі және өнімнің жаңа түрлерін дамыту, геологиялық барлауда жедел инновациялар тапшылығын жеңу жолдары, жер қойнауы туралы кодекс, геологиялық барлауға инвестицияларды тарту, энергия қоры, ТКМК-гі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, қайта өңдеу және байыту технологиялары, ТКМК-гі инновациялық технологиялар және дүниежүзілік тәжірибе, сондай-ақ металдар мен капиталдар нарығын тұрақтандыру сияқты тақырыптар талқыланды.

АММ-2017 Конгресін өткізу барысында нәтижелер қорытындалып, геологиялық барлауға, тау-кен ісі мен металлургияға екпін қойыла отырып, Қазақстанның тау-кен металлургия кешені дамуының стратегиялық бағыты белгіленді: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексін іске қосу, өндіріс көлемін жыл сайын 7%-ға өсуін қамтамасыз ету, қазақстандық компанияларының халықаралық нарыққа шығуына белсенді жәрдемдесу және инвестицияларды тарту.

АММ 2017 фактілері мен цифрлары:

  • Әлемнің 25 елінен 1000-нан астам делегат VIII Халықаралық тау-кен металлургиялық Конгресінің қатысушысы болды;
  • 44 компания "Astana Mining & Metallurgy" көрмесінде өз стендтерін ұсынды;
  • 8 салалық ұйым B2B и G2B форматындағы кездесулерге қатысты;
  • АММ 2017 шеңберінде 4 тақырыптық сессия мен 8 Доңгелек үстел өткізілді;
  • Келесідей жоғары шенді тұлғалар Конгрестің спикерлері болды:
    Аскар Мамин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
    Алик Айдарбаев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-Министрі;
    Абдумалик Мирахмедов – ATK Holdings Бас Директоры;
    Бахтияр Крыкпышев – «Қазақмыс Корпорациясы» Басқару кеңесінің Бас директоры;
    Кейт Спенс –Global Mining Capital Корпорациясының Президенті;
    Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia Колумнисті;
    Никола Попович – «Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
    Парамжит Калон – АрселорМиттал Темиртау Бас директоры ;
    Эльдар Мамедов – «KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма Төрағасы.

2018 жылдың 19-22 маусымы аралығында АММ тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы ең ірі халықаралық шара - Дүниежүзілік тау-кен Конгресі шеңберінде өтеді


 

Басып шығару E-mail

Гаухар серіктесі

  • ERG-logo

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • polimetall logo
  • polimetall logo

Күміс серіктесі

  • kazakhmys

Қола серіктестері

  • arcelor

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Ақпараттық Серіктес

Globus logo

Конгрестің Ресми Журналы

kaz-mag

Көрме серіктесі

mwca 120x100Exi ru