Номинациялар сипаттамасы және бағалау өлшемдері

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» ҰЛТТЫҚ САЛАЛЫҚ КОНКУРСЫ

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» - бұл Қазақстан Республикасының тау-кен ісі мен металлургиясында үздік атағын беретін жыл сайынғы Ұлттық салалық сыйлық.

КОНКУРС КЕЗЕҢДЕРІ:

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» КОНКУРСЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

  1. Жыл кәсіпқойы:
    • Жыл геологы
    • Жыл тау-кеншісі
    • Жыл металлургы
  2. Жыл жобасы
  3. Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы
  4. Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы
  5. Жыл ғалым-педагогы
  6. Жыл диплом жұмысы
  7. Жыл медиа жобасы:
    • Баспасөз және интернет-қорларында ТМК туралы үздік журналистік жұмыс
    • ТВ-да ТМК туралы үздік журналистік жұмыс
    • ТМК-ғы Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс (арнайы сыйлық)
  8. Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім (Сыйлықтың Бас серіктесі - «ERG» арнайы номинациясы)

*Конкурсқа қатысу тегін, дистанциялық (электрондық) үлгіде жүргізіледі.

НОМИНАЦИЯЛАР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

1. ЖЫЛ КӘСІПҚОЙЫ:

Қатысуға шақырылады:
Минералдық ресурстарды барлау, өндіру немесе қайта өңдеу және металлургия бойынша коммерциялық, я болмаса мемлекеттік ұйымда зор практикалық жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби еңбегі сіңген геология /тау-кен ісі/ металлургия саласындағы кәсіпқой – практик.
Осы номинацияға қатысу үшін кандидатуралар ұйым ұжымы ұсыну және өзін өзі ұсыну арқылы ұсынылады.

Бағалау өлшемдері:

  1. Жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл, өмірбаян.
  2. Жұмыста инновациялық және жоғары технологиялық әдістерді қолдану.
  3. Ағымды жылдағы өндірістік жетістіктер мен көрсеткіштер.
  4. Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу.
  5. Үміткердің жеке жетістіктері.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

2. ЖЫЛ ЖОБАСЫ

Қатысуға шақырылады:
Шикізат бағытынан өңдеу өнеркәсібіне ауысуды жылдамдату мақсатымен өндірістік қайта өңдеуді арттыруға бағытталған өнеркәсіптік жобаларды аяқтаған ТМК кәсіпорны.

Бағалау өлшемдері:

  1. Жоба 2016 жылдың 15 маусымынан бастап 2017 жылдың 25 мамыры аралығындағы кезеңде 100 % іске асырылуға тиіс.
  2. Жобаның ауқымдылығы. Жобаның мемлекеттік/аймақтық маңызы болуға тиіс.
  3. Жобаның экономикалық тиімділігі –өнімділік пен кірістілікті арттыру.
  4. Жобаның әлеуметтік тиімділігі – жаңа жұмыс орындар саны.
  5. Жобаны іске асыруда қолданылатын инновациялық технологиялар.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

3. ИННОВАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ

Қатысуға шақырылады:
Өндірістік көрсеткіштерін арттыру мақсатында инновациялық саясатты белсене іске асырып жүрген тау-кен-металлургия саласындағы компания.

Бағалау өлшемдері:

  1. Өндірістік жобаларды іске асырудағы инновациялық тәсілдеме.
  2. Компанияның инновациялық жобалар саны (кем дегенде 2 жоба).
  3. Енгізілген инновациялардан алынған экономикалық нәтиже.
  4. Компания бюджетінен ҒЗТКЖ-на жыл сайынғы аударымдар.
  5. Ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық /өз базасының болуы.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

4. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰРАМ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ

Қатысуға шақырылады:
Кадрларда және ТЖҚ сатып алуда жергілікті құрам бойынша ең жоғары көрсеткіштерге жеткен тау-кен-металлургия секторы саласындағы компания

Бағалау өлшемдері:

  1. Жоба ауқымдылығы (мемлекеттік/аймақтық маңызы)
  2. Сатып алу жылдық жоспарына қатысты 2016 жылы отандық тауар өндірушілерінен сатып алынған ТЖҚ пайызы.
  3. Келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табысқа қатысты жергілікті кадрларды дайындауға бағытталған шығындар пайызы.
  4. ШОБ дамуына үлес.
  5. Тауарлар мен қызметтерді ұсынатын қазақстандық компаниялармен жасалатын келісімшарттардың ұзақ мерзімділігі.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

Барлық материалдарға компанияның бас бухгалтері қол қойып, мөр басылуға тиіс.

5. ЖЫЛ ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГЫ

Қатысуға шақырылады:
Білім беру мекемелерінде сабақ беру, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу және өз зерттемелерін өндірісте практикалық қолдану бойынша үлкен тәжірибесі бар геология/тау-кен ісі/металлургия саласындағы ғалым немесе педагог. Осы номинацияға қатысу үшін кандидатурлар ұйым ұжымы ұсыну және өзін өзі ұсыну арқылы ұсынылады.

Бағалау өлшемдері:

  1. Біліктілік дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі, жұмыс өтілі (кем дегенде 3 жыл).
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстары және олардың практикалық маңыздылығы. Патенттер сату.
  3. Сабақ беру барысында қолданылатын кәсіби әдістердің әртүрлілігі.
  4. Ғылыми жарияланымдар, кітаптар мен оқулықтар саны және маңыздылығы.
  5. Үміткердің жеке жетістіктері.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

  1. Үміткер туралы жалпы ақпарат:
  2. Өмірбаяндық анықтама:
    • жұмыс тәжірибесі көрсетілген,
    • үміткердің соңғы жылы әзірлеген ең табысты жобаларының сипаттамасы көрсетілген, патент көшірмелері (бар болған жағдайда)
    • жеке жетістіктері туралы ақпаратпен (наградаларының, грамоталарының саны, атаулары)
    • кадр бөлімінен байланыс ақпаратымен
  3. Әріптестерінің/қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары
  4. Электрондық үлгідегі төлқұжат стилінде сурет

«Ғалым-педагог» номинациясындағы жеңімпазға 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қарастырылған.

6. ЖЫЛ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қатысуға шақырылады:
Жалпы тау-кен-металлургия секторының немесе оның бір аспектісін дамыту тақырыбына арналған зерттеу жұмысын орындаған Қазақстанның техникалық ЖОО мен оқу орындарының соңғы курс студенттері.

Бағалау өлшемдері:

  1. Тақырыптың өзектілігі
  2. Сала мәселелеріне ұсынылған түпнұсқалық шешімдер.
  3. Жұмысында тақырыптың толық әрі көлемді ашылуы. Қолданылған ақпарат көздері.
  4. Мазмұндау стилі (кестелер, диаграммалар, сурет және бейне, зерттеу)
  5. Үміткердің жеке жетістіктері (олимпиадаларға, конференцияларға қатысу, белсенді қоғамдық қызмет).

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

«Диплом жұмысы» номинациясындағы жеңімпазға 100 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қаралған.

7. ЖЫЛ МЕДИА-ЖОБАСЫ:

Қатысуға шақырылады:
ТМК туралы журналистік жұмысымен жарияланған немесе телевизиялық эфирге шыққан кәсіпқой журналист немесе журналистер ұжымы.

Бір қатысушы Конкурсқа тек қана бір жұмысын ұсынуы мүмкін (өз атынан, я болмаса журналистер тобымен бірлескен авторлықта). Өзін қатысуға мәлімдеген журналистер тобы тек қана бір конкурстық жұмысты ұсына алады. Ақпараттық жазбалар мен жарнама материалдары конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

ТМК Еңбек адамы туралы үздік материал – материал каһарманы Қазақстан ТМК кәсіпорындарының бірінен шыққан немесе тікелей өндірісте жұмыс істейтін адам болуға тиіс.

Шарттар:

Бағалау өлшемдері:

  1. Ақпараттың дәлдігі мен анықтығы.
  2. Тақырыпты таңдау: өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы.
  3. Сұрақтың/проблеманың қойылуы, талдау тереңдігі.
  4. Дәл авторлық ұстанымы.
  5. Мазмұндау стилі.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

Баспасөз БАҚ жариялау үшін:

  1. Жариялау (баспаның анық шығу мәліметтері көрсетілген баспасөз басылым парағының сканерленген нұсқасы (басылым атауы, нөмірі, шығу күні).
  2. Басылым туралы жалпы ақпарат (атауы, шығу жылы, тиражы, үлгісі, таратылым аймағы, бірінші басшының Т.А.Ә., байланыс мәліметтері).
  3. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.

Телевизиялық жұмыстар үшін:

  1. МР4 форматындағы бейне-сюжет, фильм немесе телебағдарлама (файл айырбастағыш арқылы жіберуге болады),
  2. Эфирлік анықтама,
  3. Телеканал туралы жалпы ақпарат (атауы, таратылым аймағы, бірінші басшының Т.А.Ә., байланыс мәліметтері).
  4. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.

Интернет-дереккөздерінде жариялау үшін:

  1. Материал орналастырылған сайтқа гиперсілтеме.
  2. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.

Әр номинациядағы жеңімпазға 100 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қаралған.

8. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ШЕШІМ
(ERG сыйлығы)

Қатысуға шақырылады:
Энергия үнемдеудің (инновацияларды) тиімді әдістерін қолданып/енгізіп жүрген компания.

Бағалау өлшемдері:

  1. 2016 жылға қатысты кәсіпорынның энергияны тұтыну деңгейі төмендеуінің көрсеткіштері (энергия ресурстарының көлемі өнімнің табиғи көлеміне);
  2. 2016 жылы энергияны тұтынудың төмендеуінен болған экономикалық нәтиже (кәсіпорынның ЖЖТ-на теңгемен есептегенде).

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар: