14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІ 166 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ЖҰМЫС БЕРЕДІ

ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ МАРАТ ҚАРАБАЕВ ПЕН ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ МАРОШ ШЕФЧОВИЧ ASTANA MINING & METALLURGY - АММ 2023 XIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ – КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ.

ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ МАРАТ ҚАРАБАЕВ ПЕН ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ МАРОШ ШЕФЧОВИЧ ASTANA MINING & METALLURGY - АММ 2023 XIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ – КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ.

amm2 photo01

"Тау-кен металлургия конгресі еліміздің экономикалық даму драйвері - тау-кен металлургия секторын дамытудағы мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылы бойынша басты салалық алаңға айналды. Мемлекет басшысы еліміздің аумағында қазақстандық кәсіпорындар өндіретін шикізаттың барлығын қайта өңдеу туралы тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау шеңберінде ҚР ИИДМ-мен "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң әзірленді және қабылданды, оған біздің ведомствоның өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын ерікті негізде отандық шикізатпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреті енгізілген". Марат Қарабаев

Бүгінгі таңда ТМК компаниялары 166 мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және бұл өнеркәсіп қызметкерлері санының үштен біріне жуығы.

amm2 photo18

Алайда, сыртқы нарықтарда көміртегі ізін азайту талаптарын күшейтетін жаһандық климаттық тенденциялар қалыптасуда. Тау-кен металлургиясы саласындағы әлемдік компаниялардың көпшілігі 2030 жылға қарай шығарындыларды үштен біріне қысқартуға ниетті. Мәселен, 2020 жылғы желтоқсанда Климаттық амбициялар саммитінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелерін растай отырып, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниеті туралы жариялады.

"Осыған байланысты ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Марат Кәрімжанұлы көміртекті бейтараптық жолындағы маңызды бағыттардың бірі "жасыл" энергия өндіру болып табылатынын атап өтті. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстандағы электр энергиясының шамамен 70% - ын көмір электр станциялары өндіреді.

Таза энергия өндіру мақсатына қол жеткізу үшін өткен жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында тұрақты шикізат, батареялар және жасыл сутектің құн тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

 amm2 photo25

"Декарбонизацияны оқшауланған командаға немесе кәсіпорынға берілген жеке жол ретінде қарастырмай, компаниялардың жалпы стратегиясына кіріктіру қажет деп санаймын. Біз декарбонизация жоспарлары мен жетістіктерімен бөлісетін компаниялар ұзақ мерзімді инвестициялық портфельді дұрыс жоспарлай алады, инвесторлардың сенімі мен бәсекелестік артықшылығына ие болады деп сенеміз. Бұл форум осы қажетті іске өз үлесін қосатынына сенімдімін", - деп түйіндеді министр.

Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчович өз сөзінде Қазақстан ЕО-ның ең ірі сауда серіктесі болып табылатынын, оның үлесіне 2022 жылғы жалпы сауда көлемінің 30% -дан астамы тиесілі екенін, сондай-ақ осы елдегі таза тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 78 миллиард доллардан асатын ірі шетелдік инвестор болып табылатынын, бұл жалпы санының 51% -ын құрайтынын атап өтті.

"Бізге шикізат, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы ЕО мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыруды бастай отырып, Қазақстанмен байланысты тереңдету маңызды".Марош Шефчович

Сондай-ақ, іс-шара аясында Еуропалық Комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен екіжақты кездесу және Канададан келген делегациямен кездесу жоспарланған. Жалпы, Конгресс кестесіне 2023 жылы әлемнің 23 елінен – Әзірбайжан, Бельгия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Грузия, Дания, Үндістан, Қазақстан, Канада, Қытай, Люксембург, БАӘ, Ресей, Словакия, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапониядан 1200-ден астам делегат қатысатын 20 мамандандырылған сессия ұйымдастырылды.

amm2 photo27

Пленарлық отырысқа CRISCO Президенті Эдсон Рибейра, Zijing Mining вице-президенті Цюе Чаоян, Еуразиядағы BBC World News өкілдігінің басшысы Сергей Становкин, салалық министрліктердің басшылары және ірі металлургиялық компаниялардың өкілдері де қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 жылдан астам уақыт бойы Astana Mining & Metallurgy конгресі бизнес пен мемлекет арасындағы негізгі келіссөздер алаңы, сондай-ақ тау-кен металлургия саласының дамуына әсер ететін өзекті мәселелерді айқындайтын негізгі алаң болып табылады.