Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
18-19 Маусым 2020
Нур-Султан, Қазақстан

Номинациялар сипаттамасы және бағалау өлшемдері

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» ҰЛТТЫҚ САЛАЛЫҚ КОНКУРСЫ

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» - бұл Қазақстан Республикасының тау-кен ісі мен металлургиясында үздік атағын беретін жыл сайынғы Ұлттық салалық сыйлық.

КОНКУРС КЕЗЕҢДЕРІ:

  • Номинанттардан өтінімдер қабылдау - 2019 жылдың 20 маусымнан бастап 2020 жылда 18 мамырда аяқталады.
  • Әділқазылардың дауыс беруі – 2020 жылдың 25 мамыр - 5 маусым аралығында.
  • Марапаттау рәсімі – 2020 жылы 18 маусымда өтеді.

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» КОНКУРСЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

  1. Жыл кәсіпқойы - Жыл геологы
  2. Жыл кәсіпқойы - Жыл таукеншісі
  3. Жыл кәсіпқойы - Жыл металлургы
  4. Жыл кәсіпқойы - Жыл кеншісі
  5. Жыл кәсіпқойы - Әйелдер ТМК
  6. Жыл жобасы
  7. Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы
  8. Үздік digital-шешім (Сыйлықақының Бас серіктесі ERG арнайы номинациясы)
  9. Жыл ғалымы-педагогы
  10. Жыл диплом жұмысы
  11. Жыл медиа жобасы - ТМК туралы баспасөз бен Интернет-қорындағы ең үздік журналистік жұмыс
  12. Жыл медиа жобасы - ТМК туралы ТВ ең үздік журналистік жұмыс
  13. Жыл медиа жобасы - ТМК Еңбек адамы туралы ең үздік журналистік жұмыс (арнайы сыйлық)
  14. Үздік шетелдік серіктес

*Конкурсқа қатысу тегін, дистанциялық (электрондық) үлгіде жүргізіледі.

НОМИНАЦИЯЛАР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

1.Жыл геологы
2.Жыл тау-кеншісі
3.Жыл металлургы
4.Жыл кеншісі
5.Әйелдер ТМК

Қатысуға шақырылады:
Минералды қорларды және металды барлау, өндіру және өңдеу бойынша коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымдарда жоғары кәсіби еңбек сіңірген және практикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар тау ісінің/геология саласының/металлургияның кәсіби-практигі. Бұл номинацияның үміткерлері ұйымдардың ұжымдары тарапынан, сонымен қатар өзін өзі ұсыну арқылы ұсыныла алады.

Бағалау критерилері:

  1. Кемінде 5 жылдық жұмыс өтімі, өмірбаяны.
  2. Жұмысында инновациялық және жоғары технологиялық әдістерді қолдануы.
  3. Ағымдағы жылдағы өндірістік жетістіктері және көрсеткіштері.
  4. Ұжымның қоғамдық өміріне қатысуы.
  5. Үміткердің жеке жетістіктері.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

  • Кадр бөлімінің жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, байланыс ақпараты көрсетілген анықтамасы.
  • Кадр бөлімінің үміткердің соңғы жылдағы әзірлеген және жүзеге асырған ең табысты жобаларының, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуының, жеке жетістіктерінің сипаттамасы бар мінездемесі.
  • Компанияның басшысының /департамент басшысының ұсыным хаты.
  • Электрондық форматта төлқұжат стиліндегі сурет.

6. ЖЫЛ ЖОБАСЫ

Қатысуға шақырылады:
Шикізат бағытынан өңдеу өнеркәсібіне ауысуды жылдамдату мақсатымен өндірістік қайта өңдеуді арттыруға бағытталған өнеркәсіптік жобаларды аяқтаған ТМК кәсіпорны.

Бағалау критерилері:

  1. Жоба 2019 жылдың 15 маусымынан бастап 2020 жылдың 18 мамыры аралығындағы кезеңде 100 % іске асырылуға тиіс.
  2. Жобаның ауқымдылығы. Жобаның мемлекеттік/аймақтық маңызы болуға тиіс.
  3. Жобаның экономикалық тиімділігі –өнімділік пен кірістілікті арттыру.
  4. Жобаның әлеуметтік тиімділігі – жаңа жұмыс орындар саны.
  5. Жобаны іске асыруда қолданылатын инновациялық технологиялар.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар:

  • Жоба тұжырымдамасы: негізгі көрсеткіштер және жобаны орындаушы-компания, жобаның уақыты, мерзімдері, географиясы, жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері.
  • Жоба тұжырымдамасы: негізгі көрсеткіштер және жобаны орындаушы-компания, жобаның уақыты, мерзімдері, географиясы, жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері.
  • Жобаны іске асыру кезінде қолданылатын технологиялардың, өндірістік әдістердің сипаттамасы.
  • Жоба тапсырыс берушісінің, серіктестердің, клиенттердің және т.б. ұсыныстары мен пікірлері.
  • Жоба бюджеті (жоба орындаушысының қалауы бойынша).

7. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ

Қатысуға шақырылады:
Өндіріс орнында жазатайым оқиғаларды нөлдік немесе ең төменгі деңгейін қамтамасыз еткен, кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерінде жоғары стандарттан бұлжымастығын іс жүзінде дәлелдеген тау-кен металлургия саласының компаниясы.

Бағалау критерилері:

  1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар.
  2. Өндірісте қауіпті және зиянды факторларды төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру.
  3. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жұмыстында ең соңғы технологияларды немесе бағдарламаларды қолдану
  4. Жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан әлеуметтік және міндетті сақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:

  • Компания туралы жалпы ақпарат
  • Үміткер компанияның соңғы жылда, кәсіпорында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өндірісте қолданған технологияларының және әдістерінің, әзірлеген және жүзеге асырған ең сәтті жобаларының сипаттамасы.
  • Серіктестерінің пікірлері мен ұсынымдары.

8. ТМК ҮЗДІК DIGITAL-ШЕШІМ

(ERG жүлдесі)

Қатысуға шақырылады:
Жобалау институттары, ғылыми-зерттеу институттары, автоматтандыру, IT, Big Data, Интернет нәрселер (IoT), 4.0.Индустриясы салаларында озық технологияларды, digital-шешімдердері қолданушы/енгізуші компаниялар мен кәсіпорындар.

Бағалау өлшемдері:

  1. ROIC (Инвестицияланған капиталдың рентабельдік коэффициенті), енгізу мерзімі.
  2. Шешіммен қамтылған үрдістің ауқымы. Функционалдың толықтығы.
  3. Еңбек нарығының трансформациясы және кадрлардың қажетті құзыреттерді игеруі және қатысуы бойынша ынтыландыру жүйесін құру.
  4. ҒЗРКЖ жүйесінің болуы және оның сипаттамасы: өнертабыс саны, тиімді ұсыныстар және енгізілген инновациялық сандық технологиялар саны.
  5. Жоғары зияткерлік технологиялардың қолданылуы (AI, AR және т.б.)
  6. «Бұлттық» шешім дәрежесі. Басқа вендорлар мен интеграторладың салалық басқа шешімдерімен бірлесуге деген ашықтық. Баптаудағы икемділік.
  7. Ақпараттық қауіпсіздік (бизнестің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологияларды қолдану)
  8. Енгізу мерзімдері
  9. Отандық жеткізуші. Шешімдегі импортты алмастыру үлесі
  10. Тапсырыс берушілердің/ жұмысшылардың пікірлері

* Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:

  1. Жоба тұжырымдамасы:
    • Жоба атқарушы-компанияның сипаттамасы,
    • Жобаның негізгі көсеткіштері, уақыты, географиясы және мерзімі
    • Жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері;
  2. Жобаны жүзеге асыру барысында қолданылған технологиялардың, өндірістік әдістердің сипаттамасы;
  3. Жоба тапсырыс берушісінің, серіктестердің, клиенттердің және т.б. ұсынымдары және пікірлері.
  4. Жобаның бюджеті (жоба атқарушысының қалауы бойынша).

*Ұсынылған материалдар үшінші тұлғаларға берілмейді және тек қана дауыс беру кезеңінде қарастырылу үшін қолданылады (ақпараттың құпиялылығы туралы келісім қолданылады).

Барлық материалдарға компанияның бас бухгалтері қол қойып, мөр басылуға тиіс.

9. ЖЫЛ ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГЫ

Қатысуға шақырылады:
Білім беру мекемелерінде сабақ беру, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу және өз зерттемелерін өндірісте практикалық қолдану бойынша үлкен тәжірибесі бар геология/тау-кен ісі/металлургия саласындағы ғалым немесе педагог. Осы номинацияға қатысу үшін кандидатурлар ұйым ұжымы ұсыну және өзін өзі ұсыну арқылы ұсынылады.

Бағалау критерилері:

  1. Біліктілік дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі, жұмыс өтілі (кем дегенде 3 жыл).
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстары және олардың практикалық маңыздылығы. Патенттер сату.
  3. Сабақ беру барысында қолданылатын кәсіби әдістердің әртүрлілігі.
  4. Ғылыми жарияланымдар, кітаптар мен оқулықтар саны және маңыздылығы.
  5. Үміткердің жеке жетістіктері.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға арналған материалдар:

  1. Үміткер туралы жалпы ақпарат:
  2. Өмірбаяндық анықтама:
    • жұмыс тәжірибесі көрсетілген,
    • үміткердің соңғы жылы әзірлеген ең табысты жобаларының сипаттамасы көрсетілген, патент көшірмелері (бар болған жағдайда)
    • жеке жетістіктері туралы ақпаратпен (наградаларының, грамоталарының саны, атаулары)
    • кадр бөлімінен байланыс ақпаратымен
  3. Әріптестерінің/қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары
  4. Электрондық үлгідегі төлқұжат стилінде сурет

«Ғалым-педагог» номинациясындағы жеңімпазға 400 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қарастырылған.

10. ЖЫЛ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қатысуға шақырылады:
Жалпы тау-кен-металлургия секторының немесе оның бір аспектісін дамыту тақырыбына арналған зерттеу жұмысын орындаған Қазақстанның техникалық ЖОО мен оқу орындарының соңғы курс студенттері.

Бағалау критерилері:

  1. Тақырыптың өзектілігі
  2. Сала мәселелеріне ұсынылған түпнұсқалық шешімдер.
  3. Жұмысында тақырыптың толық әрі көлемді ашылуы. Қолданылған ақпарат көздері.
  4. Мазмұндау стилі (кестелер, диаграммалар, сурет және бейне, зерттеу)
  5. Үміткердің жеке жетістіктері (олимпиадаларға, конференцияларға қатысу, белсенді қоғамдық қызмет).

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға арналған материалдар:

  • Диплом жұмысы (электронды нұсқада, pdf үлгісінде);
  • Ғылыми жетекші рецензиясы (сканерленген көшірмесі);
  • Диплом/зерттеу жұмысының қысқаша түйіні (1/2 бет, немесе аралықтармен 2 000 нан аспайтын таңба);
  • Деканаттан үміткердің ҚР ЖОО немесе оқы орнының соңғы курс студенті екенін растайтын анықтама (сканерленген көшірмесі);
  • Электрондық үлгідегі төлқұжат стилінде сурет (jpg үлгісінде);
  • Деканаттан мінездеме және үміткердің жеке жетістіктерін сипаттайтын оқытушылардың, жастар және кәсіби қауымдастықтарының ұсыныстары (бар болған жағдайда).

«Диплом жұмысы» номинациясындағы жеңімпазға 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қаралған.

ЖЫЛ МЕДИА-ЖОБАСЫ:

  • 11. ТМК туралы баспасөз бен Интернет-қорындағы ең үздік журналистік жұмыс
  • 12. ТМК туралы ТВ ең үздік журналистік жұмыс
  • 13. ТМК Еңбек адамы туралы ең үздік журналистік жұмыс (арнайы сыйлық)

Қатысуға шақырылады:
ТМК туралы журналистік жұмысымен жарияланған немесе телевизиялық эфирге шыққан кәсіпқой журналист немесе журналистер ұжымы.

Бір қатысушы Конкурсқа тек қана бір жұмысын ұсынуы мүмкін (өз атынан, я болмаса журналистер тобымен бірлескен авторлықта). Өзін қатысуға мәлімдеген журналистер тобы тек қана бір конкурстық жұмысты ұсына алады. Ақпараттық жазбалар мен жарнама материалдары конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

ТМК Еңбек адамы туралы үздік материал – материал каһарманы Қазақстан ТМК кәсіпорындарының бірінен шыққан немесе тікелей өндірісте жұмыс істейтін адам болуға тиіс.

Шарттар:

  • Материалдың қазақ немесе орыс тілінде қазақстандық я болмаса шетелдік БАҚ шығуы.
  • Басылым немесе эфирге шығу күні: 15 маусым 2016 жыл – 10 мамыр 2017 жыл, қоса алғанда.

Бағалау критерилері:

  1. Ақпараттың дәлдігі мен анықтығы.
  2. Тақырыпты таңдау: өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы.
  3. Сұрақтың/проблеманың қойылуы, талдау тереңдігі.
  4. Дәл авторлық ұстанымы.
  5. Мазмұндау стилі.

Ең жоғары баға: 100 балл (көрсетілген әр өлшем үшін 20 баллдан)

Конкурсқа қатысуға арналған материалдар:

  • Жұмыс тәжірибесі көрсетілген өмірбаяндық анықтама, байланыс ақпараты;
  • Электрондық үлгідегі төлқұжат стилінде сурет

Баспасөз БАҚ жариялау үшін:

  1. Жариялау (баспаның анық шығу мәліметтері көрсетілген баспасөз басылым парағының сканерленген нұсқасы (басылым атауы, нөмірі, шығу күні).
  2. Басылым туралы жалпы ақпарат (атауы, шығу жылы, тиражы, үлгісі, таратылым аймағы, бірінші басшының Т.А.Ә., байланыс мәліметтері).
  3. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.

Телевизиялық жұмыстар үшін:

  1. МР4 форматындағы бейне-сюжет, фильм немесе телебағдарлама (файл айырбастағыш арқылы жіберуге болады),
  2. Эфирлік анықтама,
  3. Телеканал туралы жалпы ақпарат (атауы, таратылым аймағы, бірінші басшының Т.А.Ә., байланыс мәліметтері).
  4. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.

Интернет-дереккөздерінде жариялау үшін:

  1. Материал орналастырылған сайтқа гиперсілтеме.
  2. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.

Әр номинациядағы жеңімпазға 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қаралған.

14. ҮЗДІК ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕС

Қатысуға шақырылады:
Қазақстан Республикасының компанияларымен ынтымақтасатын шетелдік компания.

Бағалау критерилері:

  1. Серіктестік тарихы, география және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мерзімдері
  2. Әлеуметтік-экономикалық әсері және іске асырылған жобалардың нәтижелері, бірлескен өндірістің көлемі мен серпіні/ қызмет көрсету.
  3. Операциялар мен технологиялардағы инновациялардың интеграциясы
  4. Қазақстандық нарыққа бейімделу.

Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:

  • Жоба тұжырымдамасы: жобаны орындаушы-компанияның сипаттамасы, жобаның негізгі көрсеткіштері, уақыты, мерзімдері және географиясы (аймағы); жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері;
  • Жоба тапсырыс берушісінің, серіктестердің, клиенттердің және т.б. ұсыныстары мен пікірлері.
  • Жоба бюджеті (жоба орындаушысының қалауы бойынша).